1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды.
Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті. Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.
Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?