13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызФутболдан Қазақстан премьер-лигасының 11-туры ойындарының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астанада «Жеңіс» пен «Ордабасы» тең тарқасты (2:2). Қостанайда «Тобыл» 5:0 есебімен «Атырауды» ойсырата жеңді. «Астана» сырт алаңда «Елімайға» еш мүмкіндік қалдырған жоқ (0:2).
Турдың орталық ойыны Ақтөбеде өтті. Жергілікті «Ақтөбе» Алматыдан келген «Қайратты» қабылдаған. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін жас футболшы Аян Байдәулетов «Ақтөбені» алға шығарды. Сонан соң төреші «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыконы алаңнан қуып, бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге де қызыл қағаз көрсетті.
Бірақ одан «Қайрат» тоқтап қалған жоқ. Алдымен 75-минутта Александр Мартынович есепті теңестірсе, ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда 16 жастағы Дастан Сәтпаев жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 1:2. Қатарынан үш матчта жеңілген «Қайрат» сәтсіз серияны аяқтады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды