2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Аса қадірлі меймандар!
Құрметті Съезге қатысушылар!
Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды.
Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды.
Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар.
Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір.
Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту.
Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды.
Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын.
Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға зор алғыс айтамын.
Сондай-ақ, біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға рақметімді айтқым келеді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс