23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты келіссөздер бағдарламасын БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен болған кездесуі ашты.
Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан - Австрия ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады.
Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және инфрақұрылым салаларында австриялық технологияларды трансферттеуге қызығушылық білдірді.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік