2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады, деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.
Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс