Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.
Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты.
Қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
Сыртқы істер министрлері биылғы 14 қазанында Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?