22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖасанды интеллект алдағы жылдары кәсіпорындардағы орта буын қызметкерлерін, сондай-ақ техник мамандар мен жүргізушілерді алмастыруы мүмкін. Осы үрдіске байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде ЖИ технологияларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ТМД экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры Вадим Ганин Тәжікстанда өткен Екінші халықаралық тау-металлургия форумында айтты.
Ганиннің сөзінше, қазіргі уақытта орталықтың жобалар портфелі екі есеге ұлғайған. Олардың 55%-ы инфрақұрылымдық жобалар, тағы 32%-ы өндірістік бастамалар.
Өнеркәсіпті цифрландыру мәселесіне тоқталғым келеді, себебі жасанды интеллект дамыған сайын бұл тақырып өте өзекті бола түсуде. Жасанды интеллект жақын арада орта буын қызметкерлерінің, техник мамандардың және жүргізушілердің жұмысын алмастыратынын түсініп отырмыз. Бүгінде ТМД елдерінде ЖИ технологияларын дамытуға белсенді қатысып отырмыз. Бізде генеративті қуаттарға қолжетімділік бар, сондай-ақ осы технология бойынша оқыту жұмыстарын жүргізудеміз, - деді Вадим Ганин.
Сөз соңында Ганин Тәжікстанды да ЖИ саласындағы ынтымақтастыққа шақырды.Ол іскерлік орталық ТМД елдерінен ғана емес, басқа мемлекеттерден де инвестиция тартып жатқанын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев