Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келісімге 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан елдері Астанада қол қойған. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігер мен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.
Құжат аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтар санының одан әрі өсу қатерін еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту көзделген.
Келісімде сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіру мен қайтару, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру бойынша негізгі бағыттар мен нысандар айқындалған. Бұдан бөлек арнаулы операциялар жүргізу, жедел-профилактикалық іс-шаралар қарастырылады.
Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бүгiн, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?