Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 128-ші ракеткасы рейтингте 240-орында тұрған жапониялық Каича Учиданың жолын кесті. Екінші айналымда рейтингте 169-шы орынға жайғасқан италиялық Рауль Бранкаччионы турнирден шығарды.
Іріктеудің финалдық кезеңінде Т.Скатов әлемнің 112-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворттан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Үшінші рет «Үлкен дулыға» турниріне қатысқалы отырған отандасымыз АҚШ-тың ашық чемпионатындағы қарсыластары алда анықталады.
Сонымен қатар, әлемнің 27-ракеткасы, қазақстандық Александр Бублик алғашқы айналымда аустриялық Доминик Тиммен өзара мықтыны анықтайды.
Әйелдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 37-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасады. Ал Юлия Путинцеваның (рейтинтингте 79 орында) бірінші қарсыласы италиялық Мартина Тревизан болмақ.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар