Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыЖасанды интеллект (ЖИ) америкалық Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атануы мүмкін. Polymarket букмекерлік агенттігінің деректері осылай дейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Агенттік мәліметінше, ЖИ-дің жеңіске жету ықтималдығы – 37%. Одан кейінгі орындарда америкалық жетекші чип өндірушісі Nvidia компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы Дженсен Хуанг (17%), Рим Папасы Лев XIV (15%), OpenAI бас директоры Сэм Альтман (8%) және АҚШ президенті Дональд Трамп (7%) тұр.
Айта кетейік, Трамп 2024 жылы Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанған еді.
Time – АҚШ-та шығатын қоғамдық-саяси апталық журнал. 1927 жылдан бері журналдың желтоқсандағы қорытынды нөмірінде сол жылдың «Жыл адамы» жарияланып, оның суреті мұқабаға шығарылады. Бұл атақты беру бойынша нақты критерий жоқ: оны жыл бойы қоғамға ең үлкен ықпал еткен тұлға алады, әсері оң болғаны не теріс болғаны маңызды емес. Үміткерлерді алдын ала іріктеп алғаннан кейін редакция алқасы оларды талқылап, дауыс береді.
Бастапқыда атақ «Жылдың ер адамы» (Man of the Year) деп аталған, 1999 жылдан бастап «Жыл тұлғасы» (Person of the Year) болып өзгертілді. Алайда қазақтілді және орыстілді медиаларда әлі де «Жыл адамы» атауы жиі қолданылады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді