Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада түйеге мінген кезде төрт жастағы баланың тілі анық шыққан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, Бексұлтанға үш жасында «1-ші деңгейдегі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» деген диагноз қойылған екен.
2022 жылы қарашада диагноз қойды. Әдепкіде аутизм деп күдіктенген едік. Негізі кез келген бала қалыпты жағдайда 1 жасынан бастап «ана» немесе «әке» деп сөйлеп кетуге тиіс. Мамандармен де жұмыс жасауды қолға алғанбыз, – дейді анасы.
Анасы дефектологтардың кеңесіне құлақ асып, баланың тез сөйлеуі үшін эмоциясын шығаруға тырысқан.
Бірде төрт түлік асырайтын туысқандарымызға барып, балама түйе, жылқыны көрсеткіміз келді. Түйе күншуақтап жатқан сәтте оған баламды отырғыздық. Сол кезде бірден өркешін құшақтап, қатты ымдап, дауыстап «чу-чу», «көс-көс» деп сөйлеуге тырысты, – дейді бес баланың анасы.
Содан бастап, баланың тілі анық шыға бастаған. Қазір Бексұлтанның сөздік қоры аз болса да, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?