22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды1. Тілді күнделікті қайталап отыру керек. Спортзалға барғандай. Бұлшықеттің бұлтиғанын көргің келсе, оларды жүйелі түрде жаттықтыр. Тым құрымағанда 10-15 минут кітап оқып, соны есте сақтауға тырысу керек. Немесе арнайы дайындалған қанатты сөздерді тізіп жазып, жаттап ал.
2. Егер тіл үйренуге деген ниетің тез өше бастаса, өзіңе лайықты тіл алгоритмін жасап ал. Мысалы, аздап жаттығу жасау, сосын музыка, сосын серуен.
3. Контекст — деген өте маңызды. Ешқашан мәтіннен сөзді жұлып алмаңыз. Тек контекстте оқыңыз. Мысалы, сіз «strong wind» деген сөздерді қосып жаттасаңыз, онда екі сөздің бірі міндетті түрде жадыңызға жазылады әрі ол екіншісін еске түсіріп тұрады.
4. Дайын қанатты сөздерді жазып алып жаттаған пайдалы. Оларды диалог кезінде көбірек қолдансаңыз, өте тиімді.
5. Көзге түскен нәрсенің барлығын ойша аударып отырыңыз. Мейлі ол жарнама, өлеңнің мәтіні, диалогтар, газеттегі мақала болсын. Қиын емес әрі пайдалы.
6. Жаттап алу – ең керемет нәрсе. Тек жүз пайыз дұрыс мәтіндерді жаттау керек. Оқытушы мақұлдаған мәтіндерді жаттаған абзал.
7. Қолданыста бар сөз тіркестерін, идиомаларды жазып алып, сақтаңыз. Оларды бірінші жақта жаттап алыңыз.
Мәселен: «I am only pulling your leg» (Мен сені мазақтап тұрмын).
8. Кез келген шет тілін оқшауланып үйренуге болмайды. Мен өзім үшін деген сөз болмауға тиіс. Мұғалімді тыңдау жеткілікті дегенге сенбеңіз. Арнаулы фильмдерді көріңіз. Газет пен керекті әдебиетті оқыңыз. Ағылшынша сөйлейтін достарыңызбен әңгімелесіңіз. Тым болмаса интернетте хат жазысып отыруға болады.
Като Ломб орыс тілін «Өлі жандарды» оқудан үйрене бастаған. Оған тек сөздік көмектескен.
9. Қателесемін деп үрейленбеңіз. Түзелмеген қателіктен сақтаныңыз. Ешқашан ештеңені тексерусіз қалдырмаңыз.
10. Бар қиындыққа қарамастан сіз тілді үйреніп шығасыз, оған еш күмәнданбаңыз.
86 жастағы Като Ломб 54 жастағы досын кездестіріп қалғанда оның өмірін күрт өзгерткен сөзді айтыпты: «Стив, сен сондай жассың! Алдыңда Әлі талай тіл үйренетін керемет жылдарың алдан тосып тұр!»
Аударған – Шынар Әбілдә.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев