23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан көпсалалы облыстық ауруханаға барды. Мұнда ол Сарыжар ауылы маңында орын алған тікұшақтың апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағалануда.
Екі науқастың жағдайы орташа қатаң, екеуі де жарақат алған, біреуінде мойын омыртқасы сынған, сосын пневмоторакс бар, екі қолын 1 дәрежелі күйік шалған, жалпы денесінен 1% құрайды. Ес-түсін біледі, сөйлеп жатыр, қазір уақытша реанимацияда,-деді көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.
Тікұшақ апаты кезінде бір адам 103 қызметі келгенге дейін қаза тапты. Екі адам дереу ауруханаға жеткізілген.
Әкім орынбасары марқұм болған ер адамның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады, - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады