Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыБүгінде TikTok ойын-сауық платформасы ғана емес, сонымен қатар адамдардың күнделікті әдеттеріне ықпал ететін қуатты құралға айналып үлгерді. Әсіресе кулинариялық контент жаңа деңгейге шыққан секілді. Азық-түлік шолулары, мүкбанг форматындағы видеолар, түрлі рецепттер – осының бәрі жастардың тағам таңдауы мен тамақтану мәдениетіне тікелей әсер етіп жатқаны анық. Жаңа зерттеу дәл осы үрдістің ауқымын айқындап берді.
International Journal of Consumer Studies журналында жарияланған зерттеу авторларының айтуынша, мұндай видеоларды көргенде тұрған ештеңе жоқ, мәселе олардың қаншалықты әсер ететіндігінде. Экономикалық университет (Катовице, Польша) ғалымы Артур Стшелецкийдің сөзінше, TikTok-тағы контент көрерменді қызықтырып қана қоймай, нақты әрекетке итермелейді.
Бұл видеолардың адамдарды жаңа өнімдерді байқап көруге, өзгеше тағамдарды рационға қосуға, тіпті белгілі бір мейрамханаға баруға дейін жетелейтінін көріп таңғалдым, – дейді зерттеу авторы.
Оқи отырыңыз:
Ғылыми жұмыс барысында 406 TikTok қолданушысы арасында онлайн сауалнама жүргізілген. Қатысушылар платформаның әсерін сегіз түрлі критерий бойынша бағалаған. Олардың қатарында контенттің пайдасы, тартымдылығы, вирустық сипаты, блогерлерге деген сенім, әлеуметтік ықпал және тағамды тұтынуға қатысты әдеттердің өзгеруі бар.
Тиісінше TikTok жастар үшін кулинариялық шабыт көзіне айналғаны анықталды:
Ғалымдар адамдардың тағамға деген көзқарасына ең көп әсер ететін факторларды да тізбектеп шыққан:
Ал нақты мінез-құлықтың өзгеруіне:
Ал контенттің ойын-сауық сипатында болуы оның әсерін арттыра түскен. Бұл TikTok алгоритмдерінің қолданушы талғамын қалыптастырудағы рөлін айқын көрсетеді. Ал екінші орында – блогерлерге деген сенім.
Зерттеуге қатысушылардың басым бөлігі – 25 жасқа дейінгі жастар. Олардың көпшілігі TikTok-та күніне екі сағаттан астам уақыт өткізеді. Сондықтан бұл нәтижелер барлық аудиторияның мінез-құлқын толық қамтымайды.
Зерттеу авторлары кез келген қолданушы ақпаратты сүзгіден өткізе білгені жөн деп санайды.
Әр адам өзі: «Осы контенттің арқасында әдетімді өзгертуге қаншалықты дайынмын? Бұл менің денсаулығыма қалай әсер етеді?» деген сұрақ қоюы керек, – дейді Артур Стшелецкий.
Рас, TikTok-та эмоцияға құрылған контент тым көп. Сөйте тұра пайдалы видеолар да жетерлік. Ғалым кез келген қолданушы саналы түрде таңдау жасап, сапалы контентке басымдық берсе екен дейді.
Бұған дейін миды «қоректендіретін» азық-түлік өнімдері туралы жазғанбыз. Сонымен қатар телефонға телмірудің ауыр салдарына тоқталдық.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды