13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Скибиди», «традвайф» және «делюлю» сөздері Кембридж сөздігінің жаңартылған нұсқасына енді. Бұл дегеніміз TikTok буынының ағылшын тілінің дамуына айтарлықтай ықпал етіп отырғанын көрсетеді. Бұл туралы The Guardian-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Лексикографтардың айтуынша, бұл неологизмдер уақытша құбылыс емес, тілдің тұрақты қабатына айналған.
«Скибиди» – Skibidi Toilet атты анимациялық сериал арқылы танымал болды. Балалар оны көбіне эмоцияны күшейту үшін қолданады. Сөздікте бұл сөз көп мағыналы деп сипатталады: «керемет», «жаман» немесе тіпті мәнсіз әзіл түрінде.
«Традвайф» (traditional wife сөзінен қысқарған) – 2020 жылдар шамасында пайда болған термин. Ол дәстүрлі өмір салтын насихаттап, белсенді түрде контент жариялайтын консервативті блогерлерді сипаттайды.
«Делюлю» (delusional сөзінен шыққан) – постшындық дәуірімен байланысты. Алғашында K-pop жанкүйерлерін әжуалау үшін қолданылған, яғни кумирімен қарым-қатынас бар деп сенетіндерді меңзеген. Кейін «делюлю – бұл солулю» (solution) мемі миллиардтаған қаралым жинап, тіпті Австралия премьер-министрі де қолданған.
Сонымен қатар, сөздікке мынадай жаңа сөздер қосылды:
«Бролигархия» (bro + oligarchy) – технологиялық бизнес саласындағы ықпалды ерлер тобы;
«Mouse jiggler» – компьютердің белсенділігін имитациялайтын құрылғы;
«Жұмысыңдағы жұбайың» (work spouse) – әріптес, онымен ерекше жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнаған адам.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды