20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада кінәлі тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімі бойынша, 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам табыс тауып «Зарик» атты құмар ойын өткізді.
Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады, - делінген хабарламада.
Үкім заңжы күшіне енді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?