22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы TikTok халықаралық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компаниядан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok/ByteDance халықаралық компаниясының өкілі Михаил Якушев қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйым мәліметінше, кездесуде TikTok Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін кәсіпкерлікті дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Бұл платформа тауарлар мен қызметтерді ілгерілетудің, бренд туралы хабардарлықты арттырудың және аудиториямен байланыс орнатудың қуатты құралына айналды.
«Атамекен» ҰКП жергілікті компанияларды қолдау, жергілікті брендтердің танымалдылығын арттыру, бизнес процестерді құру және кәсіпкерлерді цифрлық экожүйеге тарту мақсатында TikTok халықаралық компаниясымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
TikTok қарапайым платформадан цифрландыруға, экономиканың өсуіне және кәсіпкерліктің дамуына ықпал ете отырып, Қазақстандағы бизнес үшін маңызды құралға айналды. Бүгінгі таңда осы платформа арқылы бизнес белгілі бір аймақтар мен аудиторияларға бағытталған жарнамалық науқандарды жүргізе алады, - делінген мәліметте.
Алдағы уақытта «Атамекен» ҰКП мен TikTok халықаралық компаниясы бірлескен ынтымақтастықты жетілдіру бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізетін болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев