6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерTikTok желісі балалардың әлеуметтік желіде өткізетін уақытын шектей алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі компания блогына сілтеме жасап.
Алдағы уақытта TikTok-та 18 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін күнделікті 60 минуттық лимит белгіленеді. Бір сағаттан кейін әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін рұқсат кодын енгізу қажет болады.
Егер пайдаланушы 13 жасқа толмаған болса, онда TikTok-ты бір сағаттан артық пайдалану үшін ата-ана рұқсат кодын енгізуі керек. Кодты енгізгеннен кейін әлеуметтік желі әкімшілігі қосымша 30 минут береді.
«Экран уақытын пайдаланудың мақұлданған шектеуі жоқ болғандықтан, біз қазіргі академиялық зерттеулермен танысып, Бостон балалар ауруханасының цифрлық денсаулық зертханасының сарапшыларымен кеңескен едік», - деп жазды компания әкімшілігі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі