Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБеделді The Ring журналының рейтингіне қазақстандық төрт боксшы енді. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орта салмақтағы үздіктер тізімінде бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр. WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші орынға жайғасқан. Екінші сатыда мексикалық Хайме Мунгия тұр.
Орта салмақтағы ТОП-10 тізімге Мейірім Нұрсұлтанов та енді. Ол сегізінші орынан көрінді.
Екінші орта салмақтағы рейтингте үздік ондықты Али Ахмедов түйіндеп тұр. Бұл дивизионда мексикалық Сауль Альварес – көшбасшы әрі абсолютты әлем чемпионы.
Басқа салмақ санаттарында Қазақстан өкілдері жоқ.
The Ring нұсқасы бойынша, Pound-for-pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) жүйесінде үздік боксшы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усик.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды