Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды. Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі