12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
2023 жылы күдікті ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер