Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай теріс ағымдарға радикалды ағымдарға заңмен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда бұл бастамасын түсіндірді.
Жат ағымдардың, теріс ағымдардың, радикалды ағымдардың жастарымыздың санасын улап, өзіміздің дәстүрлі төл танымымыздан адастырып бара жатқаны белгілі. Кешегі күнімізге көз салатын болсақ, Сириядағы боздақтардың оққа ұшқандығы, не болмаса апта сайын содырлардан талақ болып, тағдыры бүлінген қазақ қыздарының тағдыры бізге сабақ болуы керек еді. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін содан сабақ ала алмай келеміз. Жастардың санасын улайтын теріс жат ағымдарға нақты тыйым салмасақ, бұл мәселе күн сайын ушыға беретіні белгілі, - деді депутат мәжіліс кулуарында.
Сондықтан Аманжол Әлтай нақты заңмен тыйым салу керек екенін айтты.
Өйткені, өздеріңіз байқап қарасаңыздар қара паранжа киіп, өз өмірін өздері тұмандап жүрген қазақ қыздарының не болмаса сақалына қайшы тигізбей, шалбарының балағын шорт кесіп, ұлттың ұлы болуға емес, жат ағымдардың құлы болуға мойынсұнған қазақ жігіттерін көрген кезде қабырған қайысады. Сондықтан осы жат ағымдарға біз соққы беруіміз керек. Заңға жаңа өзгерістер енгізуіміз керек деп ойлаймын. Желіде біздің ұлттық аспабызымыз домбыраны және атадан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді харам деп айтқан адамның сөздері қай ағымға жатады? Бұл біздің қазақ ретіндегі ұлттық қасиетімізге жасалып жатқан шабуыл», - деді ол.
Журналистер «қазіргі заңдағы тыйым жеткіліксіз бе?» деп сұрады.
Жеткіліксіз. Заңдағы тыйымдарымыз жеткілікті болатын болса, кешегі Сирияда болған қазақ жастарының тағдыры, қаңтар оқиғаларының барлығы болмайтын еді. Сондықтан біз заңды қатайтсақ, сонда ғана тыйым сала аламыз деп ойлаймын, - деді мәжілісмен.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары