Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКучингте (Малайзия) 14 жасқа дейінгілер арасында жасөспірімдер әлем чемпионаты – World Junior Tennis Competition 14&Under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы топтық бәсекеден сенімді өтіп, ширек финалда Корея Республикасы командасымен кездесті. Матч тартысты өтіп, қыздарымыз 1:2 есебімен жеңіліс тауып, өкінішке қарай, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. Дегенмен команда 5-8 орындар үшін ойындарда нағыз күрескерлік рухты көрсете білді. Әсіресе 5-орын үшін кездесуде турнирдің мықты құрамаларының бірі – Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Теннис федерациясының мәліметінше, бұл қазақстандықтардың бір апта ішінде Аустралиямен матчтағы екінші жеңісі еді. Бұдан бұрын біздің спортшыларымыз топтық кезеңде де мықтылық танытқан еді. Мұндай нәтиже – Аустралия теннисінің деңгейін ескерсек, үлкен нәтиже.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?