Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікИспанияның Кордова қаласында өтіп жатқан Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
D тобында соңғы ойында қазақстандықтар жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионатының алты дүркін чемпионы Испания командасына жол берді.
Бірінші ойында Заңғар Нұрланұлы Андрес Сантамарта Роигтен (№ 225) ұтылды – 5:7, 3:6.
Есесіне Әмір Омарханов Серхио Планелья Эрнандесті (№175) 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Осы әлем біріншілігінде Әмір бірде-бір бәсекеде жеңілген жоқ, үшеуінде де қарсыластарынан басым түсті.
Соңғы жұптық сында испаниялықтар супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 2:6, 6:4, 10:5.
Осылайша, Қазақстан құрамасы мықты командалар жиналған топта үшінші орын алды. Бұл 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты болғанына қарамастан, қазақстандықтар лайықты өнер көрсетті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер