Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліХалықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады. 17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов рейтингте он сатыға жоғарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз қазір төртінші орында тұр. Осылайша ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді.
Өткен маусымда Әмір Омарханов Пекинде өткен J300 турнирін жекелей және жұптық сында үш ірі жарысты. Соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирін жеңіп алды.
Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде отандық теннисші Занғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы спортшы 38-орынға көтерілді (+36). 2024 жылы ол жекелей сында үш ірі титулды жеңіп алды: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100. Ал Дамир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 112-орында (+84). Теннисші былтыр Краковта өткен турнирде жеңіске жетті.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс