Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан құрамасы 3-4 ақпан күндері Росарио қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында Аргентина құрамасымен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамасы Александр Бубликтің Олимпиада жолдамасын алуына басымдық беру жөнінде шешім қабылдады.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, еліміздің бірінші ракеткасы осы аптада Монпелье (Франция) турнирінде ойнайды. Егер осы додада сәтті өнер көрсетсе, Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі басым болмақ.
Аргентинамен матчқа Бейбіт Жұқаев қатыспайтын болды. Ол жуырда Аустралиядағы жарыста жарақат алып қалды.
Осылайша Росариода ел намысын әлемнің 176-ракеткасы Денис Евсеев, сондай-ақ Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және жұптық сында әлемдік рейтингіде 48-орында тұрған Александр Недовесов қорғайды.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар