Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық спортшы нидерландылық Таллон Грикспормен бірге іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Қазақстандық-нидерландылық дуэт әуелі америкалық Маркос Гирон – филиппиндік Трет Хьюиді тартысты матчта тізе бүктірді – 5:7, 7:6 (8:6), 10:8.
Іріктеу сайыстарының финалында Бублик – Грикспор үндістандықтар Анируд Чандрасекар – Виджай Сундармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыластары қарымта қайырды – 6:4.
Дегенмен супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша, олар негізгі турнирге өтті.
Сонымен, А.Бублик Вашингтон ATP 500 жарысында жекелей және жұптық сында бақ сынайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар