6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТеміртауда көпқабатты тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан екі адамның денесін 70-80% күйік шалды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теміртау қаласының медициналық мекемелеріне 7 науқас жеткізілді. Оның ішінде денесінің көп бөлігін, шамамен 70-80% күйік шалған екі ересек адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Теміртау қаласының балалар ауруханасына газбен уланған 3 бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимация бөлімдеріндегі науқастардың жағдайы «тұрақты ауыр» деп бағаланады, - делінген ақпаратта..
Сондай-ақ бір бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолданды. Аяқ-қолы күйген тағы бір бала амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай ақ санитарлық авиация желісі бойынша Теміртау қаласына комбустиолог дәрігер жіберілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі