23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгін Теміртау қаласының қалалық жағажайында «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш іс-шараны «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры жалпыұлттық «Birgemiz: Taza Alem» жобасы аясында ұйымдастырды. Бұл сенбілік – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бір бөлігі.
«Таза ойындар» – бұл табиғи аумақтарды қоқыстан тазарту және қалдықтарды сұрыптау бойынша командалық волонтерлік сайыс форматындағы сенбілік. Қатысушылар қоқыс жинап, оны сұрыптауда жарысады, нәтижесінде сыйлықтар алады. Қатысушы қарапайым сенбіліктерге қарағанда 5-10 есе көп қоқыс жинай алады. Ойындар статистикасы нақты уақыт режимінде сайтта және мобильді қосымшада жүргізіледі. Бір ойын барысында 1-3 тонна қоқыс жиналды.
«Таза ойындардың» мақсаты — тек ормандар мен су қоймалары жағалауларын тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты волонтерлікке тарту, экологиялық тұрғыда ақпарат беру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру және дамыту.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік