Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОқиға 30 қыркүйек күні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде келіп, балаларға қатысты дөрекілік танытқан.
"Патриот" мәліметінше, полицияға анонимді қоңырау түсіп, ол болып жатқан оқиға туралы забарлаған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары тәрбиешіні тексеріске алып кеткен.
Келесі күні ата-аналардың бірі балабақшаның ішіндегі видеокамераларды қарап, тәрбиешінің аяғында әрең тұрғанын байқаған. Ол балалардың қолдарынан жұлқылап, киімдерін лақтырған. Видеода тіпті полиция қызметкерлерінің оны алып кеткен сәті де түсіп қалған.
Теміртау қалалық білім бөлімі қызметтік тергеу жүргізіп, соның негізінде тәрбиешіні жұмыстан шығарған.
Тәрбиеші жексенбі күні іс-шараға барып, сонда ішімдік ішкенін, ал дүйсенбі күні жұмысқа келгенін айтқан, – делінген мекеменің мәліметінде.
Тәрбиешімен қатар балабақша директорының міндетін атқарушы да жұмыстан босатылған.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік