Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды

1 Шілде 2023, 12:56 786

Теміртауда танысы зейнеткердің банк картасынан 6 миллионнан астам ақша шешіп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есепшотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы зейнеткер банктен есепшотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде білген. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері сүрілуі мүмкін

Канелоның жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Жәбірленушінің есепшотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғанын мойындады, – деп жазылған хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты ҚК 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: