23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Теміртау ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне Теміртау қаласының әкімдігі ағымдағы жылыту маусымы басталғаннан бері тіркелген «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 бойынша жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамау жағдайларына байланысты жүгінді.
Осы факт бойынша 2022 жылғы 28 желтоқсаннан 2023 жылғы 9 қаңтарға дейін Департамент электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша 2023 жылғы 10 қаңтарда тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою, атап айтқанда, Теміртау қаласының тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін күл ұстайтын қондырғыларды жөндеу және бу қазандықтарының өнімділігін арттыру бойынша тиісті нұсқама берілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік