6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТеміртаулық полицейлер қала тұрғынынан 50 орам психотроптық есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қарағанды қаласындағы саяжайлардың бірінен 23 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматқа жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері одан 50 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 29,4 грамм психотроптық зат екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі