23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау әкімі болып Ғалым Әбіханұлы Әшімов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz тілшісі.
Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа басшыны қала активіне таныстырды.
Жаңа қызметке тағайындалған Ғалым Әшімов өзіне сенім артқан жерлестеріне алғысын айтып, алдына үлкен міндеттер қойылып отырғанын, оны бірлесіп шешетін атап өтті.
Ғалым Әшімов 1968 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарды атқарған ол Теміртау әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін "Имсталькон" АҚ-да жұмыс істеген.
Айта кетейік, бұған дейін қала басшысы қызметін атқарып келген Ораз Тәуірбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік