Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБолгарияның әйгілі футбол клубы ЦСКА (София) Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайрат» командасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбековті қатарға қосуды көздеп отыр, деп жазады El.kz интернет порталы KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Софиялық ЦСКА - Болгарияның ең табысты клубтарының бірі. Команда ел чемпионатында 31 рет чемпион, ал 21 рет Кубок иегері атанған. Қазіргі таңда клуб ұлттық біріншілікте жетінші орында тұр.
Темірлан Анарбеков кәсіби мансабын «Атырау» жастар академиясынан бастаған. Кейін «Қайратқа» ауысып, елордалық «Жеңіс» клубында жалға ойнаған. Биылғы маусымда ол нағыз маусым жаңалығы атанып, қақпашы Александр Заруцкийдің орнын лайықты алмастырды.
Анарбеков «Селтикке» қарсы шешуші ойында керемет өнер көрсетіп, «сары-қаралар» командасына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуына көмектесті. Сондай-ақ «Пафосқа» қарсы кездесуде (0:0) қақпасына бағытталған 5 соққыны қайтарды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек