13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБүгін қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті.
Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 м қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен Жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал үшінші орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады.
Темірхан Дайырбек - 2004 жылы туылған, Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке тренері Фаррух Хамракулов.
Бұл қазақстандық спортшылардың Париж-2024 Паралимпиада ойындарына ұтып алған 12-ші лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков,пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали және Нұрлан Домбаев алған болатын.
Айта кетсек 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл Парижде 28-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды