6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер24 жылғы үзілістен кейін қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағына биыл ақын Темірхан Медетбек, ақын, драматург Исраил Сапарбай және жазушы Валерий Михайлов ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов және Исраил Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. 2023 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі