7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астана қаласында ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдірееваның Корея елшілігінің және KT&G Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің негізгі мақсаты темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Корея елшілігі және KT&G Kazakhstan компаниясы арасындағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды.
Келіссөздер барысында тараптар контрафактілік темекі өнімдері саласындағы ағымдағы жағдайды қарастырып, заңнаманы жетілдіру тетіктерін талқылады және зияткерлік меншік құқықтарын тиімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасты.
Корей тарапы инвестициялар тарту және орнықты экономикалық даму үшін контрафактілік өніммен күресудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға терең қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады және диалогты дипломатиялық деңгейде жалғастыруға уағдаласты. Бұл ынтымақтастық зияткерлік құқықтарды қорғауды күшейту мен инновациялық өсу үшін қолайлы жағдайларды қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?