30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аймақтардағы іріктеу кезеңіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 17 облыстан 20 мыңнан астам оқушы қатысты. Тестілеу нәтижесі өте жоғары болған 108 бала үшінші республикалық турға жолдама алды.
Финалға шыққан 6 оқушының 3-уі еліміздің жоғары оқу орындарының грантын иеленсе, 3-уі ақшалай марапатқа ие болды.
Телевизиялық доданың биылғы маусымында білімі мен қарым-қабілетімен ерекшеленген оқушылардың есімін мақтанышпен жариялаймыз:
1-орын: Нұрқанат Қанат (Тараз қ., «Білім-Инновация» лицейі). SDU University университетінің грантын жеңіп алды
2-орын: Саят Қалтай (Астана қ., №101 мектеп). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) грантына ие болды.
3-орын: Зағипа Құттыбай (Алматы қ., С.Қожықов атындағы №39 мектеп). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) грантына ие болды.
Зеректігімен ерекшеленген тағы үш оқушы – Асқарбек Нұрым (Астана қ., №1 «Зерделі» мектебі); Дәурен Асылхан (Алматы обл. Талғар ауд. №26 жалпы білім беретін орта мектеп); Рамазан Әбдіразақ (Шымкент қ., НЗМ) ақшалай сертификат пен Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ойынның әділ де ашық болуы үшін отандық ЖОО оқытушылары сарапшы ретінде тартылса, жоба сұрақтарын ҰБТ-ға дайындайтын мекеме алдын ала тексерді. Сұрақтар жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер, сондай-ақ өнер, спорт салаларын қамтыды. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны қатысушылардың академиялық білімімен қатар жеңіске деген жігерін де шыңдайды. Түсірілім алаңындағы тартыс соңғы секундтарға дейін сақталды. Өйткені әрбір ұпай оқушыларды жеңіске бір табан жақындата түсті.
«Хабар» агенттігі мен Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырған ауқымды тележобаның кезекті маусымы осымен ресми түрде аяқталды. Зияткерлік додада шалғай ауылдардағы мектеп оқушылары да, қалалардағы жетекші Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), республикалық физика-математика мектептері (РФММ) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының (МББҰ) 11(12)-сынып оқушылары да тең дәрежеде білімдерін сынады. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі де ауыл мен қаладағы талантты оқушыларды тауып, оларға болашаққа жол сілтеу, білімді жеткіншектердің басын қосатын ортақ алаң ұйымдастыру болатын.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын көріп, қызығып жүргендердің арасында оның болашақ жеңімпаздары да бар деп сенеміз. Өйткені біздің жоба дарынды жастарға үміт сыйлап, армандарына қанат бітіреді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды