30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБанк қосымшасын ашып, шоттағы ақшаңызды тексеру, біреуге ақша аудару немесе дүкенде QR арқылы төлем жасау – күнделікті әдетке айналды. Бірақ дәл осы ыңғайлылықтың артында қауіп те бар. Телефон жоғалса, қосымшаға бөгде адам кірсе немесе алаяқтарға банк деректерін беріп қойсаңыз, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Дегенмен қаражатыңызды қорғау үшін күрделі шаралардың қажеті жоқ. Көптеген қауіпсіздік баптауларын бір рет қосып қойсаңыз, олар күн сайын автоматты түрде жұмыс істейді.
Ресми қосымша екеніне көз жеткізіңіз
Банк қосымшасын кез келген сайттан немесе мессенджердегі сілтемеден жүктемеңіз. Алаяқтар танымал банктердің қосымшаларына ұқсас жалған бағдарламалар жасап, адамдардың логині, құпиясөзі мен банк картасының деректерін ұрлауы мүмкін.
Қосымшаны банктің ресми сайтындағы сілтеме арқылы немесе смартфонның ресми қосымшалар дүкенінен жүктеген дұрыс.
Егер SMS немесе WhatsApp арқылы «банк қосымшасын жаңартыңыз» деген сілтеме келсе, оны бірден ашпаңыз. Ақпаратты банктің ресми қосымшасы немесе колл-орталығы арқылы тексеріңіз.
Оңай пароль қоймаңыз
«1234», «0000», «1111» сияқты кодтарды қолданбаңыз. Сондай-ақ банк қосымшасының құпия кодын телефонның экран құлпын ашатын кодпен бірдей етпеген дұрыс.
Егер банк қосымшасында мүмкіндік болса, Face ID немесе саусақ ізі арқылы кіруді қосыңыз. Бұл қосымша қорғаныс береді әрі әр кірген сайын пароль терудің қажеті болмайды.
Үлкен аударымдарға қосымша растау қосыңыз
Кейбір банктер ірі сомадағы ақша аударымдарына қосымша растау қоюға мүмкіндік береді.
Мысалы, белгілі бір сомадан асатын аударым кезінде қосымша тексеру сұралады. Кей жағдайда сенімді адамыңыздың растауын талап ету функциясы да бар.
Егер мұндай мүмкіндік банк қосымшасында болса, оны пайдаланған жөн. Әсіресе шотта қомақты қаражат сақтайтын адамдар үшін бұл қосымша қорғаныс бола алады.
Банк қызметкері ешқашан SMS-кодты сұрамайды
Бұл – ең маңызды ережелердің бірі.
Телефон арқылы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған адам:
сұрамауы керек.
«Шотыңыздан күдікті ақша аударылып жатыр», «картаңызды бұғаттауымыз керек» немесе «қауіпсіз шотқа ақша аударыңыз» деген сөздер алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдерінің бірі.
Банк қызметкерімін деген адам қоңырау шалса да, асықпаңыз. Қоңырауды тоқтатып, банктің ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
Қоғамдық Wi-Fi арқылы банкке кірмеген дұрыс
Кафеде, сауда орталығында немесе әуежайда тегін Wi-Fi пайдалану ыңғайлы. Бірақ мұндай желілердің барлығы бірдей қауіпсіз емес.
Сондықтан банк қосымшасын пайдаланып, ақша аудару немесе төлем жасау қажет болса, мобильді интернетті немесе өзіңіз сенетін Wi-Fi желісін қолданған дұрыс.
Аударымдарға күнделікті лимит қойыңыз
Банк қосымшасының баптауларынан тәулігіне аударуға болатын ақша көлемін шектеуге болады.
Мысалы, күнделікті қажеттілігіңіз 100 мың теңгеден аспаса, бұдан әлдеқайда жоғары лимит қоюдың қажеті жоқ.
Бұл толық қауіпсіздік кепілі емес, бірақ алаяқтар қосымшаға кіріп кеткен жағдайда ықтимал шығынды азайтуға көмектеседі.
Барлық операция туралы хабарламаны қосыңыз
Картаңыздан ақша шешілсе немесе төлем жасалса, телефонға бірден хабарлама келгені дұрыс.
Мысалы, сіз дүкеннен ештеңе сатып алмаған болсаңыз да, картадан ақша алынғаны туралы хабарлама келді делік. Мұндай жағдайда мәселені бірден байқап, картаны бұғаттауға немесе банкке хабарласуға болады.
Сондықтан «хабарламалар көп келеді» деп бұл функцияны өшіріп тастамаған жөн.
Картаны қалай бұғаттауға болады?
Карта жоғалғанда немесе күдікті операция байқалғанда уақыт жоғалтпау маңызды.
Сондықтан қазірден бастап банк қосымшасын ашып, «картаны бұғаттау» функциясының қай жерде орналасқанын қарап қойыңыз.
Қажет болған жағдайда бірнеше секундтың өзі маңызды болуы мүмкін.
Онлайн сатып алуға бөлек карта ашыңыз
Интернеттен жиі зат сатып алсаңыз, негізгі картаңыздың орнына виртуалды картаны пайдалануға болады.
Мысалы, оған тек сатып алуға қажет соманы салып қоясыз. Егер виртуалды картаның деректері бөтен адамның қолына түссе, негізгі шотыңыздағы қаражатқа қауіп азаяды.
Бұл әсіресе бұрын қолданбаған немесе сенімділігіне күмәніңіз бар сайттарда төлем жасағанда пайдалы.
Кез келген қосымшаны орната бермеңіз
Банк қосымшасындағы қауіпсіздік қанша мықты болғанымен, телефонның өзі қорғалмаса, қауіп сақталады.
Белгісіз сайттардан файл жүктемеңіз, күмәнді қосымшаларды орнатпаңыз және мессенджер арқылы келген бейтаныс файлдарға абай болыңыз.
Телефондағы операциялық жүйе мен банк қосымшаларын да уақытында жаңартып отырыңыз.
Біз бұған дейін бейтаныс нөмірден қоңырау түссе не істеу керек екенін жазғанбыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды