Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымында «Танымдық контенттің әлеуеті» панельдік сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шарада ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Мақпал Жұмабай тележурналист, блогер Нұрсұлтан Құрманнан «Әлем бойынша нарықта жарнаманың көп бөлігі тікелей трансляцияда екен. Бұл жақтағы қаражаттың көлемі 2027 жылға дейін 247 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Сіз де бұл жерден пайда таба алдыңыз ба?» деп сұрады.
Иә, мойындаймын. Мен телеарнадан гөрі YouTube желісінде қаражатты көбірек табамын. Бұрындары YouTube-ті тек жан рахатым үшін ғана жүргізетін едім. Ал қазір керісінше болып қалған сияқты. Басты табыс көзім – YouTube желісінде. Біздің шығарылымдарымыздың басым көпшілігі тікелей эфирде шығады», – деді тележурналист.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Құрман YouTube желісінде басты табыс көзі монетизациялауда емес екенін айтады. Сондықтан ол каналындағы монетизациялауды өшіріп тастаған.
Кезінде хайп тақырыптарды көтеретін едім. Сол уақытта ньюсмейкер, хедлайнерлер арқылы 500 мың - 1 миллион қаралым жинайтынбыз. Айдың соңында одан 2,5 мың доллар түседі. Бірақ бағдарламаны халық сен үшін емес, сол келген қонақ үшін көретін. Ал қазір біз каналдан монетизациялауды алып тастадық. Енді әлеуметтік желіде өзімнің жаныма жақын, футбол саласына қатысты мәселелерді қозғаймын, - деді блогер.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады