Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚұрылтайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Екатерина Смолякова қосымша баяндама жасап, құжат аясында «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізуді ұсынды.
Осыдан кейін депутат Гүлісхан Нахбаева медальді тағайындау талаптарына қатысты Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовқа сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, Шәмші Қалдаяқовтың есімі халыққа сүйікті әндерімен тығыз байланысты. Сондықтан ол марапатта ән авторларына басымдық беріле ме, әлде музыкалық педагогика мен жас таланттарды тәрбиелеуге үлес қосқан мамандар да үміткер бола ала ма деп сұрады. Қанат Ысқақовтың айтуынша, медальдің қамту аясы кең болады.
Бұл тек эстрадалық немесе дәстүрлі ән орындаушыларға ғана берілмейді. Композиторлар, дирижерлер, ән авторлары, сондай-ақ музыка өнеріне үлес қосқан ұстаздар мен дарынды орындаушылар да марапатқа үміткер бола алады, – деді вице-министр.
Оның сөзінше, медальді тағайындау кезінде азаматтардың өнерге қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері ескеріледі.
Заң жобасында отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға ерекше еңбек сіңірген азаматтарды «Шәмші Қалдаяқов» медалімен марапаттау ұсынылған. Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын бейнелеу өнерінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, отандық көркем мәдениетті дамытуға үлес қосқан қайраткерлерге беру көзделген.
Құрылтай депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды