Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде БАҚ өкілдері тегін дәрі-дәрмек мәселесі жыл сайын көтерілетін айтып, толыққанды өз шешімін қашан табатынын денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінен сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселеге қатысты дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Жандос Әділхан бұл сұрақ бүгінгі таңда өз шешімін тапқанын айтты.
Бізде жыл сайынғы сатып алу мәселесі бойынша 5 қаңтардан бастап барлық мекемелерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүргізілді. Бізде төмендемейтін қор қалыптасып отыр. Бұл алғаш рет енгізіліп отыр. Яғни, осы жылдан бастап қосымша қор сатып алу арқылы қажетті дәрі-дәрмек заттар қажеттілігіне байланысты толығып отырады, – деді Жандос Әділхан.
Ведомства басшысы 2025 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты тапшылық болмайтынын және қазіргі таңда мұндай мәселе туындап отырмағанын айтты.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар