Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТеңіз кен орны Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 100 шақырымнан астам қашықта орналасқан.
Кен орнындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бірнеше отандық және шетелдік компания мердігерлікке тартылған. Соның бірі – отандық ISKER ЖШС.
Аталған компанияның 30-дан астам жұмысшысы вахталық кенттегі асханадан түскі ас ішкен соң уланып қалған. Тамақ ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген жұмысшылар дәрігерлік көмекке жүгінген. Оларға «орташа ауырлықтағы диарея» диагнозы қойылды. Теңіз кен орнындағы медициналық клиникада тамақтан уланған жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілген. Содан соң олардың бір тобы клиникаға жатқызылған. Жеңіл дәрежеде зардап шеккен жұмысшылардың кейбірі жатақханаға жіберілген - делінген хабарламада.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі аталған оқиғаға байланысты ақпаратты кейін беруге уәде етті.
Еске салайық, бұдан бұрын Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді. Кейін Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болғаны анықталды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова