Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТбилисидегі Гранд Слэм турнирінде 60 келіде чемпион атанған дзюдошы Нұрқанат Серікбаев жанкүйерлерге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 наурызда Грузия астанасында басталған әлемдік турнирге Қазақстан дзюдошылары қатысып жатыр. Олардың ішінде 60 келіде белдескен отандасымыз 5 белдесу өткізіп, барлығында басым түсті.
Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Және бүгінгі мерекеде Тбилиси Гранд Слэм турнирінде жеңіске жеттім. Осы сәт үшін өте қуаныштымын. Бұл жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Маған қолдау білдірген қалың елге, жақындарыма, ата-анама ерекше алғыс айтамын. алдағы жарыстарда биіктен көрініп, мақсатыма жетемін деген ойдамын. Бар мүмкіндігімді саламын деген ниеттемін.
Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева да күресіп, қола медальға қол жеткізді. Ерлер санатында 60, әйелдер бойынша 52, 57 келіде күрескен өзге дзюдошыларымыз іріктеу кезеңдерінде сүрінді. Аталған турнир 24 наурыз аяқталады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады