23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Истиклол» қақпашысы тәжікстандық Рустам Ятимов Азия чемпиондар лигасында «Әл-Насрмен» өткен ойында Криштиану Роналдумен қалай сөзге келіп қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 қазанда Сауд Арабиясында өткен матч 3:1 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына шешілді. Матчта португалиялық Тәжікстан құрамасының қақпашысымен сөзге келіп қалды.
– Криштианумен неге келісе алмай қалдыңыз?
– Ол ойынды созғанымыз үшін ашуланды. «Әл-Насрдың» қарқыны жоғары екенін, тиісінше оны басу үшін түрлі тәсілдер қолдану керектігі анық. Бұл қалыпты жағдай, оны барлық команда жасайды.
– Сонда не айттыңыздар?
– Ашығын айтатын болсақ, екеуміз ұрысып қалдық. Роналду қимыл-қозғалысымен бірдеңелерді жеткізгісі келді, мен де оған жауап қаттым. Орысша бастағанмын, сосын оның орысша білмейтіні есіме түсті. Сосын серб және ағылшын тілдерінде ұрыстық. Кейін өзара сөйлесіп, әрі қарай матчты жалғастырдық, – деді ол.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік