07.08.2023
16:01
1236
Тәжікстанда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Тәжікстанда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Тәжікстанда жүк көлігі алдымен жеңіл көлігіне, сонан соң тұрғын үйге барып соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан 10 адам қайтыс болып, тағы 14-і жарақат алды. Қайғылы оқиға «Душанбе – Куляб – Хорог» жолында болған.

Оқи отырыңыз:

Полиция мәліметінше, бұған жүк көлігінің тежегіш жүйесінің істен шығуы себеп. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ел президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасымен оқиға орнына ішкі істер министрі мен денсаулық сақтау министрі барған.