29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОтырысқа ХАҚҚ басқарма мүшелері – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында ХАҚҚ-тың құрылғанына 30 жыл толуына дайындық және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын, Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (АТББ-4) іске асыру, ХАҚҚ-тың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су ресурстарын есепке алу және мониторингілеуге арналған заманауи жабдықтарды енгізу, сондай-ақ БҰҰ Су конференциясының қорытындылары (2023 жылғы 22-24 наурыз, Нью-Йорк).
Сонымен қатар 2023 жылғы 6 маусымда ХАҚҚ басқарма мүшелері Халықаралық Аралды құтқару қорының 30 жылдығына арналған «Орталық Азия: күшті аймақтық институт арқылы орнықты болашақ жолында» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Қазақстандық делегацияның басшысы өз сөзінде су-энергетика саласындағы ынтымақтастық, тұрақты даму мәселелері бойынша өңірлік өзара іс-қимылдың күшеюін және Қазақстан Республикасының ХАҚҚ әлеуетін одан әрі нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Орталық Азия елдерінің су-энергетика мәселелері бойынша өзара тәуелділігін ескере отырып, Роман Скляр су, энергетика, азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін ХАҚҚ базасында су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді механизмін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Конференцияға қатысушыларды Арал өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін күш біріктіруге шақырды.
Сол күні Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Тәжікстан басшысы жиынға қатысушыларды қарсы алып, Халықаралық Аралды құтқару қорының 30 жылдығымен құттықтады.
Қордың 30 жылдық кезеңі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің күрделі кешенін шешуге арналған бірлестік ретінде өзінің өзектілігін айқын көрсеткені атап өтілді.
Сондай-ақ Қордың практикалық қызметінде маңызды мәселелер және біздің өңірдің көптеген экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек