Жаңалықтар

«TazaQazBot» телеграм-ботына жамбылдықтар 542 өтінім берген

21.05.2025 14:21
Ақмарал Ағзамқызы
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарының барысы сараланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде елді мекендерді көркейту және санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2025 жылдың көктемінде Тараз қаласы мен аудан орталықтарында екі айлық сенбіліктер өткізіліп, оған 10 мыңға жуық тұрғын қатысты. Жалпы, акцияға 89,5 мың жамбылдық, 58 ірі және 400-ден астам шағын кәсіпорын жұмылдырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

Сонымен қатар, «TazaQazBot» телеграм-ботына тұрғындардан 542 өтініш түскен. Бұл бот экологиялық проблемалар мен тазалыққа қатысты тұрғындардың шағымдарын жедел тіркеуге мүмкіндік береді.

Жергілікті полиция қызметі қоғамдық орындарға қоқыс тастау және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 21,7 мың құқықбұзушылық анықтап, жалпы көлемі 196,8 млн теңге айыппұл салған.

Акция аясында:

2025 жылы облыс бойынша елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалауға 14,6 млрд теңге бөлініп, соның 2,3 млрд теңгесі игерілген. Бұл бағыттағы жұмыстарға 40 мекеме 91 техникамен жұмылдырылып отыр. Облыста 524 қоқыс алаңшасында 4014 контейнер орнатылған.

Баяндаманың қорытындысы бойынша санитарлық жағдай бойынша Тараз қаласы, Талас, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында кемшіліктер жиі кездесетіні айтылды.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев:

Сондай-ақ, Жуалы, Меркі, Мойынқұм және Т. Рысқұлов ауданы әкімдеріне «TazaQazBot» қызметін жандандыру міндеті жүктелді.

Оқи отырыңыз