22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды3 баласын елде тастап, Германияға табыс табуға кеткен келіншек әлеуметтік желіде өз оқиғасын айтып берді. Ол мәжбүрліктен шетелге кетіп, елде қалған балалары үшін ауыр жұмыс істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мақтаныш емес. Дәл мына жүрісім мақтаныш емес. Мен демалып, қыдырып жүргенімді көрсетіп жатқан жоқпын. Міне, қолымыз күс-күс болып, демалыс күні де тазалаймыз. Неге осындай қара жұмысты елде істесек те жағдайымыз жақсармайды? Әттеген-ай. 3 бала елде, жаным, жүрегім тыныш емес. Ұйқым тыныш емес, - деп ағынан жарылды.
Тазалықшы боп жүрген келіншектің екі дипломы бар болып шықты.
Екі дипломым бар, жоғары білім алған қызбын. Бірақ, мен 2019 жылға дейін мүгедек жандармен жұмыс істедім, көптеген құйтырқы әрекеттерге куә болдым. Ол жақта да жарымжан жандардың құқығын қорғаймын деп талай кедергіге тап болдым. "Әділдік жоқ екен ғой" деп шетел асып кеттім. Қазір балаларым кішкентай, аяққа тұрып алсам, елге барып қызметімді істеймін, - деді қазақ келіншек.
Германияда жүріп, елдегі ең төменгі жалақыдан 10 есе көп табатынын да жасырмады.
Бұл елдің азаматы болмаған соң ешқандай құқығымыз жоқ. Сол үшін қолымыз күс-күс болып, қара жұмыс істеп жүрміз. Иә, сіздер алып жатқан 80 мың айлықтың 10-15 есе жоғары алып жатырмыз. Адал еңбегіміздің бағаланып жатқанына да шүкір. Жексенбі күні 2 сағат тазалықшы боп, 50 мың теңге табамын. Оны сіздер Қазақстанда жарты айда табасыздар, дұрыс па? Мен Қазақстанды жақсы көремін. Сіздердің де жағдайларыңыз жақсарса екен деймін, - дейді ол.
@altynbek_online Қазақ қызы шетелде жұмыс істеп, үш баласын асырауда. #қазаққызы #германия #қайратты #жұмыс #қыздарымызжыламасын #батырқыз #адалеңбек #шетел ♬ оригинальный звук - Altynbeк online
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев